Помпеоның басқа елдерге демократия туралы уағыз айтудағы екіжүзділігі сыналды
2020 жылғы президенттік сайлауда республикашылдардың үміткері болған АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамп елдің сайлау жүйесін жемқор деп атап, сайлауда ауқымды заңбұзушылық болғанын айтқаннан кейін елде бұрын соңды болмаған саяси дағдарыс орын алып, АҚШ демократиясына күмән келтірілуіне себеп болды. Ал бұл жағдайда Трамп үкіметінің қайраткерлері басқа елдерге демократияны сақтау туралы уағыз айтады.
АҚШ сенаторы Берни Сандерс осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның басқа елдерге демократияға құрмет көрсету туралы айтқан уағызын сынады. Ол Помпеоның «Билік тағы бір рет Трампқа тапсырылады» деген уәжін де сынға алды. Сандерс бейбенбі күні Помпеоның Твиттердегі жазбасына реакциясында: «Өзіңіз демократияға құрмет көрсетпей тұрып, басқа елдерге демократия мен халықтың қалауына құрмет білдіру туралы қалайша уағыз айтасыз?»-деді.
Америкалық сенатор бұл сөзінде Трамп үкіметінің демократия мен сайлау мәселесіне екіқырлы қатынас көрсетіп отырғанына меңзеді. Трамп Твиттердегі жеке парақшасында және теледидардағы тікелей эфирде «Демократтар дауыстарымды ұрлады» деп уәж айтты. Егер бұл шын болса, АҚШ-тың сайлау жүйесінде халықтың дауысын оп-оңай жойып жіберуге немесе орын алмастыруға мүмкін болса, онда жалпы америкалық демократияның негізі тайғақ, бос қалбыр. Осылайша, Трамп бұрын‑соңды болмаған шарада 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижесін, яғни демократ бәсекелесі Джо Байденнің жеңісін қабылдамағаны былай тұрсын, биліктің оған тапсырылуына кедергі жасап, тіпті басқа елдердің Байденге құттықтау хаттарын жеткізуіне тыйым салып, дауыстың қайта саналуын талап етті. Сөйтіп, осы ел халқының қалауын ескермейтінін көрсетті.
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама кейбір республикашылдардың Трампқа қосылып, сайлауда заңбұзушылықтар болды деп уәж айтуын елдің демократиясы үшін қатерлі жайт деп атап: «Бұл Байден үкіметінің заңдылығын жоюға бағытталған бір қадам ғана емес, жалпы демократияға балта шабуға бағытталған іс. Бұл – өте қатерлі жол»,-деді.
Трамп үкіметі өткен 4 жылда талай рет басқа елдердің ішкі істері, соның ішінде сайлауларына араласып, бұйрық берді. Трамптың бұл қатынасы демократияның түбегейлі принципіне, яғни халықтың дауысын құрметтеу және басқа елдің кейбір саяси басшыларына жақтасудан бас тартуға қайшы келеді.
Сауал мынада: демократияның негізгі принциптерін өз мүдделеріне орай аяқ асты ететін үкімет басқа елдердегі, әсіресе қарсылас және бәсекелес елдердегі сайлау туралы ұстаным білдіріп, күмән тудыруға құқылы ма?