Пашинянға қарсы қастандық залалсыздандырылды
Арменияның барлау қызметі: «Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға террор жасау жоспары анықталып, залалсыздандырылды»,-деп мәлімдеді.
«Армян Пресс» ақпарат агентігінің сенбі күні хабарлауынша, Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Артур Ванецян Пашинянға қарсы қастандық ұйымдастырып, төңкеріс жасамақшы болды деген айыппен қамауға алынды.
Ванецян – қазір Арменияның «Отан» партиясының төрағасы. Бұл партия –Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы партиялардың бірі. Ванецян заңсыз қару-жарақ ұстады, оқ-дәрілер мен бомба тасымалдады деп айыпталды.
Пашинян Қарабақта бітім келісіміне қол қойғаннан кейін осы аймақта қиянат жасады, өтірік айтты және армян күштерін қырды деп айыпталып отыр.