Пашинянға қарсы қастандық залалсыздандырылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48963-Пашинянға_қарсы_қастандық_залалсыздандырылды
Арменияның барлау қызметі: «Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға террор жасау жоспары анықталып, залалсыздандырылды»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2020 13:30 Asia/Almaty
  • Пашинянға қарсы қастандық залалсыздандырылды

Арменияның барлау қызметі: «Армения Премьер-министрі Никол Пашинянға террор жасау жоспары анықталып, залалсыздандырылды»,-деп мәлімдеді.

«Армян Пресс» ақпарат агентігінің сенбі күні хабарлауынша, Армения Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Артур Ванецян Пашинянға қарсы қастандық ұйымдастырып, төңкеріс жасамақшы болды деген айыппен қамауға алынды.

Ванецян – қазір Арменияның «Отан» партиясының төрағасы. Бұл партия –Никол Пашинянның премьер-министр болуына қарсы партиялардың бірі. Ванецян заңсыз қару-жарақ ұстады, оқ-дәрілер мен бомба тасымалдады деп айыпталды.

Пашинян Қарабақта бітім келісіміне қол қойғаннан кейін осы аймақта қиянат жасады, өтірік айтты және армян күштерін қырды деп айыпталып отыр.