Еуразия экономикалық одағының алғашқы конгресі Мәскеуде өтеді
Қар 15, 2020 17:57 Asia/Almaty
Еуразия экономикалық одағының «Экономикалық прагматизм және өзара мүдделер» атты алғашқы конгресі осы ұйымға мүше елдердің қатысуымен Мәскеуде өтеді.
Бұл конгресте Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің өкілдері мен Еуразия даму банкінің өкілі қатысады. Конгресті ұйымдастырып отырған да осы Еуразия даму банкі.
Еуразия экономикалық одағының басқарма кеңесінің төрағасы Николай Подгузов: «Конрестің мақсаты – Еуразияның экономикалық бірігуі үшін практикалық шешім жолдарын табу»,-деді.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Тәжікстан мен Өзбекстанның басшылары конгреске шақырылады. Жиналыстың негізгі тақырыбы «экономикалық прагматизм және өзара мүдделер» болмақ.