Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49101-Қазақстан_мен_Оңтүстік_Корея_өзара_әріптестікті_дамыту_қажеттігін_қуаттады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орта Азия және Оңтүстік Корея ынтымақтастығы» атты 13-ші форумы аясында Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Кан Ген Хуамен кездесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 27, 2020 11:02 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орта Азия және Оңтүстік Корея ынтымақтастығы» атты 13-ші форумы аясында Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Кан Ген Хуамен кездесті.

Осы кездесуде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық әріптестіктің жағдайы мен оны одан ары дамыту перспективасы талқыланды.

Тараптар, сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Оңтүстік Кореяға сапарын ұйымдастыру туралы сұхбаттасты.   

Қазақстан Сыртқы істер министрі Оңтүстік Кореяға сапарында осы елдің Премьер-министрі және Парламент төрағасымен кездесті.

Мұхтар Тілеуберді осы кездесулерде екіжақты саяси диалогы дамыту және парламентаралық қатынасты нығайту қажеттігін қуаттап, екі ел арасында сауда-экономикалық әріптестіктің одан ары кеңейтілуін қалайтынын білдірді.