Тарами Азияның ең үздік легионері атанды
Қар 29, 2020 18:20 Asia/Almaty
Португалияның Порту футбол командасының ирандық шабылдаушысы Азия апталығының ең үздік легионері атанды.
Азия футбол конфедерациясы сайтындағы сауалнама нәтижесі бойынша, Порту командасының шабуылдаушысы Меһди Тарами 37,45 пайыз дауыс жинап, Азия апталығының ең үздік легионері атанды.
Грекияның футбол командасында ойнайтын басқа бір ирандық легионер Карим Ансарифард осы сауалнама тізімінде 7,5 пайыз дауыс жинап, 14-ші орынға табан тіреді.