Аустралия Премьер-министрі Қытайға ашу білдірді
Қар 30, 2020 16:01 Asia/Almaty
Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы аустралиялық сарбаздың ауған баланың тамағына пышақ кезеп тұрған суретін таратқанынан кейін Аустралия Премьер-министрі Скотт Моррисон ашуланып, Бейжіңнің кешірім сұрауын талап етті.
Reuters ақпарат агентігінің хабарлауынша, Чжао Лицзянь суреттің астына мысқылмен: «Қорықпаңыздар, біз сіздерге бейбітшілік әкелдік»,-деп жазған. Содан соң Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы аустралиялық әскерилердің Ауғанстандағы қылмыстары жайлы ақпаратқа тоқталып, аустралиялық сарбаздардың Ауғанстанда бейбіт тұрғындар мен тұтқындарды өлтіргенін айыптап, олардың сотталуын талап етті.