Нью-Йорктың тарихи шіркеуі өртеніп кетті
Жел 06, 2020 12:38 Asia/Almaty
Нью-Йорктың Ист-Виллидж ауданындағы The Middle Collegiate тарихи шіркеуі өртеніп кетті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өртті ауыздықтау үшін 200-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Олардың төртеуі қызмет барысында жарақат алды.
Шіркеудің ғимараты 1892 жылы салынған. Ол АҚШ-тың солтүстігіндегі ең көне шіркеу саналған.
The Middle Collegiate шіркеуінің мұнарасында Нью-Йорктің «Азаттық дабылы» орналасқан болатын. Бұл қоңырау 1776 жылы АҚШ тәуелсіздік алған кезде соғылған еді.