АҚШ-та тоғызыншы адамның өлім жазасы инъекция арқылы орындалды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49272-АҚШ_та_тоғызыншы_адамның_өлім_жазасы_инъекция_арқылы_орындалды
АҚШ үкіметінің өлім жазасы туралы федералдық үкімдерді орындау рекордын жаңартуға бағытталған талпыныстарының жалғасында тоғызыншы адам инъекция арқылы өлтірілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2020 12:57 Asia/Almaty
  • АҚШ-та тоғызыншы адамның өлім жазасы инъекция арқылы орындалды

АҚШ үкіметінің өлім жазасы туралы федералдық үкімдерді орындау рекордын жаңартуға бағытталған талпыныстарының жалғасында тоғызыншы адам инъекция арқылы өлтірілді.

Russia Today ақпарат агентігінің хабарлауынша, 1999 жылы Техаста екі адамды өлтірді деп айыпталған қара нәсілді америкалық азамат Брэндан Бернардтың өлім жазасы у егу арқылы орындалды. Б. Бернард – биыл өлім жазасы туралы федералдық үкімі орындалған тоғызыншы тұтқын.  

2017 жылы Трамп билікке келгенге дейін АҚШ-та өлім жазасы туралы соңғы федералдық үкім 2003 жылы орындалған еді. Алайда Трамп үкіметі 2020 жылы АҚШ-та 13 адамды өлім жазасына кесіп, оның 9-ын орындады.