Лавров: Сирия жерінде бөгде күштердің болуын айыптаймыз
Жел 17, 2020 20:43 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрі өзінің сириялық әріптесімен кездесуінде: «Мәскеу Сирия жерінде бөгде күштердің болуын айыптайды»,-деп қуаттады.
Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад бейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Дамаск пен Мәскеудің стратегиялық қарым-қатынасын нығайту қажеттігін айтып, осы байланыстың дами түсетініне үміт білдірді.