Бүгін таңертең Кабулда жарылыс болды
(last modified Sun, 20 Dec 2020 08:22:41 GMT )
Жел 20, 2020 14:22 Asia/Almaty

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі: «Жексенбі күні таңертең Кабулдың «Спин-Келли» қиылысы маңында болған жарылыстан 8 адам қаза тауып, 15 адам жараланды»,-деп хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің Кабулдан хабарлауынша,  Ауғанстанның Ішкі істер министрі жарылыс орнына барып: «Бұл жерде бір адам өз-өзін жарып жіберген»,-деді.

Жарылыстың мақсаты Ауғанстан Парламентінің мүшесі Хан-Мұхамед Вардак болған. Ол осы оқиғада жараланды.

Ешбір топ жарылысқа жауапкершілікті әлі өз мойнына алмады.