АҚШ-тың кибер қауіпсіздік компаниясы: 200 ұйымға хакерлік шабуыл жасалды
АҚШ-тың Массачусетс штатында орналасқан Recorded Future кибер қауіпсіздік компаниясы: «Хакерлік шабуыл жасалған 200-ге жуық ұйым анықталды»,-деп мәлімдеді.
«Тасним» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Recorded Future кибер қауіпсіздік компаниясы бұл шабуылдарды ресейлік хакерлер жасады деп уәж айтты.
Зерттеулер барысында хакерлік шабуылдар жасалған компаниялар мен ұйымдар санының артуы ықтимал деп болжануда.
Америкалық ақпарат құралдары мен АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары ашық түрде Ресейді америкалық федералдық органдар мен компанияларға кибершабуыл жасайтын негізгі ел деп атап отыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында: «Жалған ақпарат тарататын құралдарға жасалатын кибершабуылдар шындықтан әлдеқайда көбірек»,-деп жазды.