Қаң 08, 2021 20:48 Asia/Almaty
  • Конгрестегі оқиға – АҚШ-тың құлдырағанының белгісі және постамерикалық дәуірдің бастамасы

АҚШ-тың жанжалды Президенті Дональд Трамптың қанқұйлы жақтастарының 2021 жылы 6 қаңтарда Джо Байденнің қалаулы президент деп танылуының алдын алу үшін Конгреске жасаған шабуылы осы елдің тарихында бетбұрыс нүктесіне айналып, шын мәнінде халықаралық қарым-қатынаста жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді.

АҚШ Сыртқы саясат институтының басшысы Ричард Хастың (Richard Huss) сенімінше, егер постамерикалық дәуірдің бастамасы болатын болса, кесімді түрде  бұл Трамп жақтастарының Конгреске шабуыл жасаған күні болмақ. Ричард Хас Конгрестегі оқиға салдарының АҚШ-тың халықаралық сахнадағы рөліне әсері туралы алаңдаушылығын білдіріп: «Әлемде енді біреудің бізге бұрынғыдай қарап, құрметтеп, бізден қорқып немесе бізге бағынышты болуы екіталай. Егер постамерикалық дәуірдің бастамасы бар болса, кесімді түрде сол бүгін болар,-деді.

АҚШ Сыртқы саясат институты басшысының постамерикалық дәуірдің басталғанын мойындауы шын мәнінде осы елдің түрлі салаларда күннен күнге құлдырап бара жатқанын мойындауымен бірдей. Саяси сарапшылар тарапынан бұл тақырыптың талқыланып жатқанына біраз болды. Осы уақытқа дейін АҚШ ең ірі либерал-демократиялық режим ретінде әлемдік қүш-қуат теңгерімінің басында тұрмын деп уәж айтушы еді, бірақ енді оның саяси саладағы халықаралық заңдылығы мен ықпалына күмән туды. Шын мәнінде Трамп жақтастарының Конгреске шабуылы жайлы таралған видеолар демократиясы жоқ, ішкі саяси қайшылықтарға душар болған елдердегі саяси оқиғаларды еске түсіреді. Бұл мәселе қазір Вашингтонның еуропалық серіктестерінің назарына алынып отыр. Оларда АҚШ-тағы демократияға терең күдікпен қарайды.

Саяси сарапшы Рахман Қаһраманпурдың айтуынша, АҚШ-тың либерал-демократиялық құрылымына ауыр соққы жасалды. Бұл тақырыпты назардан тыс қалдыруға болмайды. Конгрестегі оқиға Фукуяманың 2010 жылы айтқан сөзін еске түсіреді. Ол сол заманда АҚШ-тың либерал демократиясында құлдыраудың белгілері бар деп айтқан болатын.

Қазір бәрінен көп қойылатын сұрақ мынау: АҚШ әлемде қорғайтын және қолдайтын, соны сылтау етіп 21 ғасырдың алғашқы онжылдығына Ирак пен Ауғанстанға шабуыл жасап, бұл елдерде мемлекет құруды көздеген демократиясы осы ма? Демократия дейтіні қазір АҚШ-та болып жатқан құбылыс па?   

Қазір америкалық демократияның негіздері әлсіреп, АҚШ әлемде абыройынан айырылды. Мұны да АҚШ-тың құлдырағанының нышаны деп білсе болады.  

Тегтер