Конгреске зор шығын келтірілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49659-Конгреске_зор_шығын_келтірілді
АҚШ Конгресіне жасалған шабуылда ғимаратқа зор зиян келтірілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 10, 2021 19:00 Asia/Almaty

АҚШ Конгресіне жасалған шабуылда ғимаратқа зор зиян келтірілді.

Сынған есік-терезелер, ағаш пен шыны сынықтары, құртылған қабырғалар, сынған үстел-орындықтар мен кеңсе заттары – осының барлығы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әсіре жақтастарының сәрсенбі күні Вашингтонда Конгресс ғимаратына шабуылынан қалған белгілер. Бұл шабуылды АҚШ ақпарат құралдары «демократияға шабуыл» деп атады. Конгресс қызметкерлері шабуылдың ертеңінде ғимаратты жинап, сынған нәрселерді жөндеуге кірісті.