Иран Сыртқы істер министрі Грузияда
(last modified Thu, 28 Jan 2021 10:34:09 GMT )
Қаң 28, 2021 16:34 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі аймаққа сапарының жалғасында Тбилисиге ат басын тіреді. Оны Грузия басшылары қарсы алды.

Зариф Тбилиси әуежайында ИИР мен Грузияның жақсы қарым-қатынасына тоқталып: «Грузиямен байланыс тереңнен тамыр алады. Бұл елмен әріптестік салаларын арттыруға күш салып жатырмыз»,-деді.

Зариф аймақ елдері арасындағы транзиттік дәлізге тоқталып: «Оңтүстік-Батыс дәлізі Грузиямен аяқталып, ақырында Қара теңіз және оның айналасындағы елдермен байланысып жатыр. Осы әлеуетті аймақтық ынтымақтастық үшін пайдаланамыз деп үміттенемін»,-деді.