Байден АҚШ қоғамында ұйымдасқан нәсілшілдіктің барын мойындады
(last modified Thu, 18 Feb 2021 19:49:33 GMT )
Ақп 19, 2021 01:49 Asia/Almaty
  • Байден АҚШ қоғамында ұйымдасқан нәсілшілдіктің барын мойындады

Қара нәсілділерге қарсы қатігездік пен нәсілдік кемсітушілік АҚШ құрылғаннан бері әрдайым осы ел қоғамының айшықты ерекшеліктерінің бірі ретінде қарастырылып келеді. Олар бұрынғыдай түрлі кемсітушіліктер мен қатігездіктердің құрбаны болып отыр.

АҚШ Президенті Джо Байден де осы мәселені мойындауға мәжбүр болды. Байден сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде жаза беру кезінде де нәсілдік кемсітушіліктің барына тоқталды. Ол: «АҚШ-та бірдей қылмыс жасаса да, қара нәсілді ақ нәсілдіге қарағанда ауырырақ жаза алады. Мысалы, ақ нәсілді 2 жылға сотталса, қара нәсілді 7 жылға бас бостандығынан айырылады»,-деді. АҚШ-тағы нәсілдік кемсітушілік және қара нәсілділерге қатігез қатынас көрсету 17 ғасырда құлдық жүйеден басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шын мәнінде АҚШ қоғамында нәсілдік кемсітушілік пен шовинизм әрдайым бір маңызды мәселе деп қарастырылып келеді. Ресми түрде афроамерикалықтар деп аталатын америкалық қара нәсілділерАҚШ-та латынамерикалықтардан кейінгі екінші ірі нәсілдік азшылық саналады. Олар АҚШ халқының 14 пайызын құрайды. Барак Обама Ақ үйде алғашқы қара нәсілді президент болып сайланғаннан кейін қара нәсілділердің жағдайы жақсарар деп күтілді, алайда іс жүзінде олардың жағдайы әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан одан ары нашарлай түсті.

1950 жылы қара нәсілділердің азаматтық құқық қозғалысы олардың құқықтарын қорғау және кемсітушіліктерді жою саласында толқын тудырғанымен АҚШ-тың қазірі қоғамындағы жағдай түрлі көлем мен қырдан оларға қарсы нәсілдік кемсітушіліктің жалғасып жатқанын көрсетеді.  

Мұнымен қоса, нәсілшілдік америкалық қара нәсілділердің әлеуметтік өмірінің барлық салаларына әсер етіп, оларды білім, медицина, экономика, кәсіп және басқа салаларда жүйелі түрде түрлі кемсітушіліктердің құрбанына айналдырды.  

Қазіргі коронавирус дағдарысы кезінде де қара нәсілділер мен латынамерикалықтар осы індеттің басты құрбандары болып отыр.

Тегтер