Швейцариядағы исламофобия алаңдатуда
(last modified Tue, 09 Mar 2021 16:44:19 GMT )
Нау 09, 2021 22:44 Asia/Almaty
  • Швейцариядағы исламофобия алаңдатуда

Батыста, әсіресе Еуропада исламофобияның таралуы соңғы жылдары көптеген оқиғалар мен реакцияларға себеп болды. Осыған байланысты соңғы қадам Швейцарияда паранжа мен петбердеге тыйым салу туралы референдум өткізуі болды. Бұл шешім ​​исламдық ұйымдардың теріс реакциясымен бетпе-бет келді.

Швейцариядағы исламдық ұйымдар паранжаға тыйым салуды әйелдерді кемсітудің түрі деп атап, мұсылмандар үшін қара күн деп жариялады. Швейцарияның көптеген мұсылман әйелдері де референдумды айыптап, ниқаб немесе паранжа кию әйелдің өзін сыртқы әлемге танытудың белгісі емес,  жеке шешімі екенін баса айтты.

Орамал тағатын әйелдерге қолдау көрсететін мұсылман әйелдер тобының өкілі Инс Шейх: «Бұл заңның мәтіні пайдасыз болумен қатар, нәсілшіл және кемсітушілік сипатта», - деді. Жексенбіде (7 наурыз) өткен референдумда Швейцария халқы паранжаны қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салатын заңды қолдап дауыс берді. Референдум нәтижелері бойынша сайлаушылардың 52 пайызы паранжаға тыйым салуды қолдады және  48 пайызы қарсы дауыс берді. Бұл тыйым бірде-бір әйелдің көпшілік алдында бетін толық жауып тастай алмайтынын білдіреді. Референдум ұсынысын Швейцария халқының оңшыл популистік партиясы ұсынды.   Осыдан он жыл бұрын бұл партия елде мешіт мұнараларын салуға тыйым салдырған еді. Партияның ұсынысында паранжа ма әлде бетперде ме туралы нақты айтылмады, бірақ оның мақсаты мұсылман әйелдері нысанаға алу екені анық болды. Швейцария қалаларында «Радикалды исламды тоқтат!» және «Экстремизмді тоқтат!» деп жазылған  плакаттар    қара маска киген әйел бейнесімен орнатылды. Ал референдумның қарсыластары өз плакаттарында «Паранжаға қарсылық - абсурд, пайдасыз және исламофобиялық заңға жол жоқ» деп жазды. Швейцария үкіметі бұл қадамға қарсы болды, бірақ оның себебі негізгі бостандықтар мен адамның құқықтарын бұзу емес, пайда табу мәселесі болды. Үкіметтің айтуынша, бұл Швейцарияның негізгі проблемасы емес және туризмге зиян тигізуі мүмкін.

Швейцарияда паранжа киюге тыйым салу іс жүзінде Еуропадағы исламдық көріністерге қарсы тұру және континенттегі мұсылмандарға қысымды күшейту үшін жасаған тағы бір қадамы болып табылады. Саяси сарапшы Нусратулла Тәджіктің пікірінше, мұсылман қауымдастықтары, егер бұдан бұрын Батыста өздерін қауіпсіз сезінсе, қазір ондай сезінбейді және исламофобияның қысымына ұшырауда.

Бұдан бұрын Австрия, Нидерланды, Бельгия, Германия, Болгария және Франция сияқты кейбір Еуропа елдерінде паранжаны жамылуға тыйым салынған. Исламға қарсы әрекеттер кеңінен таралған Франция 2011 жылы қоғамдық жерлерде бетперде жабуға тыйым салатын заң қабылдаған алғашқы еуропалық ел болды. Алайда Еуропалық Адам құқығы соты 2014 жылы бұл заңды діни бостандыққа қайшы деп тапқандықтан, қабылдамады. Соңғы жылдары Францияда жүздеген мұсылман әйелдері заңды бұзғаны үшін қамауға алынып, оларға айыппұл салынды. Шын мәнінде, қазір Батыс елдеріндегі мұсылмандар исламға қарсы әртүрлі әрекеттер мен өздеріне қарсы үнемі қудалау мен зорлық-зомбылықтың куәсі болып отыр. Бұл әрекеттер исламофобия феноменінің таралуымен және батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының мұсылмандардан қорқыныш тудыруымен бірге азаттық пен адам құқығы туралы уәжденіп отырған бұл елдерде  ислам мен оның жақтастарына қарсы сенушілеріне қарсы жағымсыз жағдай туғызды.

  

 

 

Тегтер