Нау 24, 2021 16:58 Asia/Almaty

АҚШ полициясы Колорадо штатындағы Боулдер қаласында оқ атқан күдіктінің анықталғанын хабарлады.

Fars News агенттігінің Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ полициясы сейсенбі күні: «Колорадо штатындағы Боулдер қаласында оқ атқан күдікті 21 жастағы Ахмад әл-Иса. Қазіргі уақытта ол полициямен қақтығыс кезінде алған жарақаттарына байланысты медициналық көмек алып жатыр және жақын арада түрмеге ауыстырылады деп күтілуде»,- деп жариялады.

Атыс дүйсенбі күні Боулдер қаласының дүкендерінің бірінде орын алып, 10 адам, оның ішінде полиция қызметкері қаза тапты.

 

Тегтер