Адам құқығы – Батыстың Иранға қарсы саяси құралы
(last modified Wed, 24 Mar 2021 14:42:28 GMT )
Нау 24, 2021 20:42 Asia/Almaty
  • Адам құқығы – Батыстың Иранға қарсы саяси құралы

Иран Сыртқы істер министрлігің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде: «БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-шы сессиясында бір топ елдің ИИР-на қарсы қарарының заңды күші жоқ халықаралық қабылдауға ие емес»,- деді.

 

21 «қолдау», 12 «қарсы» және 14 «қалыс» дауыспен мақұлданған Адам құқығы жөніндегі кеңестің Иранға қарсы қарары  өткен жылғы қарардай болды және оның мақсаты Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Иран туралы арнайы баяндамашысының мандатын созу болды. Адам құқықтары жөніндегі кеңесте Иранға қарсы қарар қабылдаған және мақұлдаған елдердің жариялаған ұстанымдары мен әрекеттерінде қарама-қайшылық айқын байқалып, Батыстың адам мәселесіндегі Иранға деген ұстанымының саяси құрал екенін көрсетеді.   АҚШ санкцияларының кең таралуына байланысты коронавирус эпидемиясы өршіп тұрған кезде мыңдаған ирандықтардың өмір сүру мен емделу құқығының айқын бұзылуын елемеу және ең бастысы, кейбір еуропалық елдердің бұл санкцияларды қолдауы, Батысқа адам құқығын қорғау туралы уәжденуге рұқсат етпейді.

Адам құқығы жөніндегі кеңестің Иранға қарсы қарары кейбір еуропалық үкіметтердің бұл саяси қарарды қолдауымен бірге АҚШ-тың Иранға қарсы дәрі-дәрмек және экономикалық санкциялары мен террористік топтарды қолдауы, ирандық азаматтарды шәһид ету, сонымен қатар Сауд Арабиясына қару-жарақ сату және бұл қаруды йемендіктерді қырып-жоюға пайдалануға қатысуары оларды әлемдегі адам құқығының ең ірі бұзушылар қатарына енгізген жағдайда бекітілді.Адам құқықтары жөніндегі кеңесте әлсіз саяси дауыстармен Иранға қарсы қайталанған қарарды бекітуі кейбір батыс елдерінің Иранмен қарым-қатынас жасаудағы екіжүзді көзқарасын, халықаралық келісімге ие емес екендігін көрсетеді. 

 

 

 

 

Тегтер