Еуропаға бір миллионнан астам босқын кірген
Ақп 09, 2016 21:37 Asia/Almaty
Халықаралық миграция ұйымы Еуропаға бір миллионнан астам босқынның кіргенін хабарлады.
Халықаралық миграция ұйымы 2016 жылы да 2015 жылдағыдай Еуропаға келетін босқындардың саны бір миллионнан асады деген болжам айтты. Осы ұйымның мәлімдеуі бойынша, 2016 жылдың тек қаңтар айында ғана шамамен 65 000 босқын Еуропаға кірген. Егер осы үдеріс алдағы айларда жалғасатын болса, 2016 жылдың соңына дейін тағы да 780 000 босқын Еуропаға кіретін болады.