Maм 06, 2021 16:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Дүниежүзілік Құдс күні – Палестина халқының құқықтарын қорғау күні

ИИР Президенті: «Дүниежүзілік Құдс күні – Палестина халқының құқықтарын қорғау күні. Осы ел халқының талпысы жақын арада жеңіске айналатынына үміттенеміз»,-деп қуаттады.

Рухани Ғылым, білім және тәрбие министрліктерінің ұлттық жобаларын ашу рәсімінде Дүниежүзілік Құдс күніне тоқталып: «Палестиналықтар түрлі елдерге босып, ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр. Әлемдік қауымдастық оларға көңіл бөлмей отыр»,-деді.

ИИР Президенті сионистердің Палестина жерін басып алуды жалғастырып жатқанын айтып: «Иран халқы мен имам Хомейни (р.) Рамазан айының соңғы жұмасын Палестина халқының құқықтарын еске салу мақсатында Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялады»,-деді.

Рухани: «Барша мұсылман Құдсты қайтарып алуды қалайды. Палестина халқы осы джиһадта жеңіске жетіп, мұсылмандар өздерінің байырғы арманына жетеді деп үміттенеміз»,-деді.

Иран Президенті ертең, жұма Дүниежүзілік Құдс күні болатынын айтып: «Бұл күнді атап өтіп, Құдстың азат етілуін тілеп, дұға оқимыз. Ислам революциясы жетекшісінің кеңестеріне барынша құлақ асамыз»,-деді.  

Тегтер