Сәу 18, 2016 15:54 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран мен Ресейдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы аймақ қауіпсіздігіне көмектеседі

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы: «Иран мен Ресейдің қорғаныс саласындағы және лаңкестікпен күресу мәселесіндегі ынтымақтастықтары аймақ бейбітшілігі үшін жасалған маңызды көмек болып табылады»,- деді.

ИСНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти жексенбі күні Теһранда журналистердің алдында сөйлеген сөзінде 17-ші сәуір күні Иран әскерінің күні өткен парадта «С-300» зымырандық құрылғысының көрсетілуіне тоқталып: «Иран мен Ресейдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтары әрқашан шынайы болды»,- деп қуатады.

Велаяти Иран мен Ресейдің Сириядағы ынтымақтастықтарының лаңкестерді сәтсіздікке ұшыратуда әсерлі болғанына сілтеме жасап: «Басқа салалардағы ынтымақтастықтар да, соның ішінде экономика саласындағы ынтымақтастықтар да кеңеюде»,- деп мәлімдеді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы жақын арада Үндістан Премьер-министрінің Теһранға сапармен келетіні туралы хабарлап, Теһранда ресми іс-сапармен жүрген Үндістан Сыртқы істер министрімен кездесуінде Иранның оңтүстік-шығысынан Әзірбайжан республикасына дейінгі Чабаһар мен Ресейдің Санкт-Петербург қаласы арасындағы транзит желісі туралы жақсы сұхбаттың болғанын айтты.

Тегтер