Раиси: Иран сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i54190-Раиси_Иран_сенімді_дос_әрі_мықты_серіктес_екенін_дәлелдеді
Иранның қалаулы президенті Катар Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Иран сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдеді»,-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 26, 2021 10:38 Asia/Almaty

Иранның қалаулы президенті Катар Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Иран сенімді дос әрі мықты серіктес екенін дәлелдеді»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Але Санимен кездесуінде Иран мен Катар халықтарының бір-біріне діни бауыр әрі аймақтық серіктес екенін айтып: «Теһран үшін Дохамен қарым-қатынас аса маңызды. Иранның келесі үкіметінің сыртқы саясатындағы басым бағыт – көршілес елдер»,-деді. ​

Катар Сыртқы істер министрі осы кездесуде Раисиді сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Катар әмірінің сәлемін жеткізіп: «Катар екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін әріптестік жасап, ИИР-ның көмегімен аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді»,-деді.