Иран G7 елдерінің уәждеріне жауап берді
ИИР Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі өз құқығын қорғауда жан аяп қалмайды.
Сионистік режимнің «Mercer Street» танкеріне қатысты авантюралары Батыс елдерінің Иранға қарсы көпмақсатты сценарийлерінің бірінің бетін ашты.
Осы сценарийдің жалғасында G7 елдерінің Сыртқы істер министрлері жұма күнгі мәлімдемесінде тиісті дәлел келтірместен, Иранды осы шабуылға қатысы бар деп айыптады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Саид Хатибзаде G7 елдері Сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесіне реакциясында әдетте сионистік режимнен туындайтын осындай негізсіз сценарийлердің мақсатын аймақтағы саяси кеңістікті шиеленістіру деп атады.
Осы орайда Израиль мен оның демеушілері аймақ суларында жуырда болған оқиғаларға қатысты жалған ақпараттарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне беріп, Иранға айып тақты, бірақ жеңіліс тапты.
3 жыл бұрын да АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Ираннан үркіту саясатын ілгерілету мақсатында осыған ұқсас сценарийде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің елшілерін Вашингтонға шақырған болатын. Сөйтіп оларға Ираннан Йеменнің Ансолла қозғалысына тасымалданған зымыран бөлшектері деп аталған заттарды көрсетпек болды.
Сәл кейінірек New York Times газеті АҚШ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, Иранға қарсы айтылған уәждерді теріске шығарды. Осындай саяси сценарийлердің қайталануы толастамайтын сияқты.
Independent басылымы Израильдің «Гаарец» газетінің сарапшысы Амос Харельге сілтеме жасап хабарлауынша, «Теңіз соғысын Иран емес, Израиль бастады. 2 жыл бұрын Иран мұнайын Сирияға апара жатқан танкерлерге шабуыл жасаған – Израильдің өзі. Бұл теңіз шабуылдары – Израильдің «Соғыстар ортасындағы соғыс» деп танылған доктринасының бір бөлігі. 2006 жылы Ливан Хизбулласымен соғыста бұл доктрина Израиль армиясының стратегияларының біріне айналды».
Израиль режимі шын мәнінде АҚШ және Ұлыбританияның қолдауымен 70 жылдан аса уақыт бойы аймақта қоқан-лоққы, тұрақсыздық және тынышсыздықтың басты ошағы болып келеді.
Қазіргі таңда негізгі мәселе – аймақтың тынышын алып отырғандардың көздейтін мақсаттары.
Осы аралықта сионистерді алаңдатып отырған мәселе – АҚШ-тың Иранға барынша қысым жасауда тығырыққа тірелуі.
Шын мәнінде АҚШ үшін Иран халқының құқықтарын қабылдаудан басқа амал жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, Вашингтон санкциялар мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты күйген картамен Иранға шектен тыс талаптарын қоятындай жағдайда емес. Сол себепті егер Израиль қайталамалы сценарийлер арқылы өзінің «алтын дәуіріне» қайтып оралмын деп ойласа, қатты қателеседі.
«Nur News» сайты осы туралы: «Израильдің Иранға қарсы әскери шара қолдануға қауқары да, батылы да жетпейді, өйткені мұндай ақымақ әрекет қысқа уақытта осы режимге жан-жақты шабуыл жасауға және оның инфрақұрылымы, әскери және экономикалық нысандарын толық жоюға жағдай жасайды»,-деп жазды.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами сенбі күні Ливан Хизбулласы бас хатшысының орынбасарымен кездесуінде осы жайтқа тоқталып: «Сионистік режимді құлатуға жағдай жасалған. Олардан бір қателік кетсе, жеткілікті,-деді.
Бұл сөздің мынадай жолдауы бар: Иран Парсы шығанағы мен Оман теңізінде ең ұзын жағалауға ие болғандықтан, аймақтың бейбітшілігі, тұрақтылығы, кеме қатынасының еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұлтартқысыз принцип деп санайды, сондықтан ешбір басқыншыға кеме қатынасының қауіпсіздігі мен еркіндігін авантюраға айналдыруға жол бермейді.