Там 22, 2021 14:47 Asia/Almaty
  • Зариф Жапония Сыртқы істер министрімен кездесті

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Теһранда Жапония Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен кездесті.

Тараптар осы кездесуде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.

Жапония Сыртқы істер министрі Теһранға екі күндік сапары барысында өзінің ирандық әріптесімен қоса, Иран Президенті сейіт Ибраһим Раиси, он үшінші үкіметінің Сыртқы істер министрі лауазымына ұсынылған Хұсейн Амир Абдуллахианмен кеңесіп, пікір алмасады.

Бұл сапар Иран Сыртқы істер министрінің шақыруымен жүзеге асырылды.  

Тегтер