Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері кеңесті
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және жаһандық өзгерістер жайлы кеңесті.
Сергей Лавровтың Амир Абдуллахианмен телефон арқылы сұхбатында екіжақты қарым-қатынасқа қатысы мәселелер, екі ел басшыларының Шанхай саммиты аясындағы кездесуі, коронавирусты ауыздықтау саласында әріптестікті нығайту, ирандық кәсіпкерлер мен экономикалық белсенділердің Ресейге барыс-келісі жолындағы кедергілер, аймақтық өзгерістер, Ауғанстанға қатысты бастамалар және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты тақырыптар талқыланды.
Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сұхбатта алдыңғы келісімдерге сәйкес «Спутник V» вакцинасын Иранға көбірек жіберу күтілетінін айтып, ресейлік тараптың осы елде оқып жатқан ирандық студенттерді қайтару кезінде туындаған қиыншылықтарды шешкені үшін алғыс айтты.
Лавров «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Вена келіссөздері жайлы: «Ресей Иран сияқты ядролық келісімге қатысты ешқандай өзгеріс көрмей отыр. Сондықтан оның толық орындалуын талап етеді»,-деді.