Сәу 19, 2016 15:49 Asia/Almaty
  • Зариф: Оппозициялық топтардың Иранға қарсы шаралары залалсыздандырылуда

Иранның Сыртқы істер министрі Оппозициялық топтардың Иранға қарсы әрекеттері мен «Ираннан үркіту» шараларын залалсыздандыру ісінің жалғасатынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, тұрақты даму мәселесіне байланысты отырыс пен климаттың өзгеруі жайлы конвенцияға қол қою рәсіміне қатысу үшін Нью-Йоркке сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф: «Бұл сапар кеңестер мен сұхбаттарға қатысу арқылы Иранға қарсы оппозициялық топтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан бұрын Иранға қарсы кеңістік тудыру және «Ираннан үркіту» үдерісін жалғастыру үшін жобалап, орындаған шараларының алдын алатын мүмкіндік болып саналады»,-деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалу үдерісін қадағалау мақсатында АҚШ Мемлекеттік департаменті басшысымен жүздеспегеніне біраз уақыт болғанын айтып, АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасының іске асуын қадағалау қажеттігіне байланысты осы елдің Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесіп, «Ортақ қадам» бағдарламасы жайлы сұхбаттасатынын хабарлады.

Тегтер