Қаз 04, 2021 00:05 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Әзірбайжанның шекарасына жақын маңдағы сионистік режимнің қимылдары туралы пікір білдірді

ИИР өз шекараларына жақын жерде сионистік режимнің орналасуына және аймақта геосаяси өзгерістің болуына ешқашан көнбейді де төзбейді.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке бір телебағдарламада сөйлеген сөзінде: «ИИР көршілес елдерге, әсіресе Әзірбайжан республикасына байсалды, кесімді, бірақ достық көзқараспен қарап, мәселелерді жіті бақылап отыр»,-деді.

Қарабақ соғысы негізі аяқталған, бірақ қайшылықтардың әсері аймақта әлі де байқалады. Соғыс салдарларының бірі – Израиль мен лаңкестік топтардың мұрсатты пайдаланып, аймаққа ықпал ету үшін жасап жатқан қимылдары.  Әрине бұл мәселе Қарабақ қақтығысына дейін де көтерілген. Мысалы, алғаш рет 1990 жылғы қақтығыстарда, екінші рет 2016 жылы сәуір айында 4 күнге созылған соғыста Кавказ аймағында лаңкестік топтардың орналасқаны жайлы ақпарат тарады.

Иран Кавказ елдерімен тығыз байланысы және ортақ шекаралары бар болғандықтан алаңдайды. Мұны түсінуге болады. Иран, Армения және Әзірбайжан арасында құрлықта ортақ шекара бар. Шын мәнінде географиялық жақындық Иранды өз шекарасы маңындағы өзгерістерге көбірек назар аударуға мәжбүрлейді. Сол себепті Иранның шекараларына жақын аймақтағы кез келген авантюристік әрекет, бейберекеттік немесе қатер тудыратын элементтер Иранның ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ете алады. Осыған қатысты тағы бір маңызды жайт: Иран аймақтық дағдарыстарға қатысты ашық та қисынды көзқарасқа ие.  

Амир Абдуллахианның осыған қатысты сөздері екі қырдан маңызды:

Біріншіден, Иран өзінің аймақтық дипломатиясында қызыл сызықтарды ешкімге жалтақтамай нақты айқындап берді. Иран Сыртқы істер министрі  өз елінің Әзірбайжанға ең үлкен көрші екенін айтып: «Теһран сионистер мен лаңкестердің Әзірбайжанға қатер төндіру ықтималына алаңдайды»,-деді. 

Амир Абдуллахиан, сондай-ақ: «ИИР өз шекараларына жақын жерде сионистік режимнің болуына ешқашан төзбейді»,-деп еске салды.

Екіншіден, Иран Баку басшыларының жуырдағы ұстанымдарын бағалап, осындай арандатушы әрекеттердің екі көршілес елдің қарым-қатынасына теріс әсерін саралап отыр.

Амир Абдуллахиан Теһран үкіметінің осыған қатысты алаңдаушылығын Әзірбайжанға білдіріп: «Мәселе мынада: сионистер мен лаңкестердің іс-қимылдары Иран мен Әзірбайжанның қарым-қатынасын бұзуға бағытталған»,-деп еске салды.

Шындық мынада: Израиль режимі үшін шиіттік бағыттағы ислам елі Әзірбайжанмен байланыста болу және оның территориясында орналасу айрықша мұрсат болып отыр. Израиль басшыларының пікірінше, Әзірбайжан сионистердің осы аймақтағы базасына айнала алады. Сионистік режим ислам елдеріне ықпал ету саясатын жалғастырып, Әзірбайжан республикасы тәуелсіздік алған жылдан бастап осы мақсатты көздеп келеді.  Сионистердің Қарабаққа енуі Израильдің БАӘ және Бахрейнмен дипломатиялық қарым-қатынасын орнатуымен тұспа-тұс келді. Бұл аймаққа қауіпсіздік тұрғысынан ықпал ету мақсатында алдын ала жоспарланған әрекет болып отыр. Мұндай саясат Әзірбайжанның ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделеріне зиянды және аймақтағы ұжымдық қауіпсіздікке қатерлі екені анық.

Тегтер