Қаз 04, 2021 20:03 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Армения арасында транзиттік жолды қайта жандандыру жобалары жылдам жүзеге асырылады

Иран Сыртқы істер министрі шектен тыс талап етушілікке төзбейтінін айтып: «Иран мен Армения арасында жүк көліктерінің қатынасы үшін транзиттік жолды қайта жандандыру мақсатында жобалар дайындадық. Жобаларды жүзеге асыруды жылдам қолға алатын боламыз»,-деді.

Амир Абдуллахиан өзінің армян әріптесімен ортақ баспасөз отырысында Оңтүстік Кавказдағы солтүстік көршілердің дағдарысына тоқталып: «Біздің көршілеріміз дағдарысқа ұшырады. Әсіресе аймақтың кейбір бөліктеріне сионистер мен лаңкестердің орналасуы бізді қатты алаңдатып отыр»,-деді.

Ол: «Осы ортақ баспасөз отырысында ашық жариялаймыз: Бөгде елдердің ИИР мен көршілес елдер, соның ішінде Армениямен қарым-қатынасына нұқсан келтіруге жол бермейміз»,-деді.

Армения Сыртқы істер министрі  Арарат Мирзоян да осы отырыста ИИР-ның Арменияның аумақтық тұтастығы туралы ұстанымына алғыс айтып: «Армения республикасының Минск тобы аясында және бұрыннан белгілі принциптер негізінде Қарабақ қайшылығы туралы келіссөздер үдерісін жалғастыруға дайын екенін тағы да жариялаймын»,-деді.

Тегтер