Грек-рим күресінен әлем чемпионатында ирандық балуандар топ жарды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i55820-Грек_рим_күресінен_әлем_чемпионатында_ирандық_балуандар_топ_жарды
Ирандық балуан Әли Акбар Юсефи сенбі күні кешке Норвегия астанасы Осло қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 130 кг салмақтағы балуандардың финалында Еуропа сайысында қола жүлде алған ресейлік балуан Зураб Гедехауримен белдесіп, 5:1 есебімен басым түсіп, Иранның ауыр салмақты балуандары арасында алғаш рет алтын алып, тарихқа кірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 10, 2021 20:09 Asia/Almaty

Ирандық балуан Әли Акбар Юсефи сенбі күні кешке Норвегия астанасы Осло қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 130 кг салмақтағы балуандардың финалында Еуропа сайысында қола жүлде алған ресейлік балуан Зураб Гедехауримен белдесіп, 5:1 есебімен басым түсіп, Иранның ауыр салмақты балуандары арасында алғаш рет алтын алып, тарихқа кірді.

Осы әлем чемпионатында 77 кг салмақты Мұхаммедәли Гераи, 82 кг салмақты Пежман Паштам қола жүлде алды.