Жуырда Иран мен Венесуэла арасында 20 жылдық ынтымақтастық құжатына қол қойылады
Иран Сыртқы істер министрі жақын болашақта Иран мен Венесуэла арасында 20 жылдық ынтымақтастық құжатының дайындалатынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Венесуэла Сыртқы істер министрі Феликс Пласенсиямен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін ортақ баспасөз отырысында: "Жылдың соңына дейін екі елдің ортақ экономикалық ынтымақтастық комиссиясының отырысы Теһран қаласында өтеді. Екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастығы туралы жол картасы іске қосылады",-деді.
Амир Абдуллахиан, сондай-ақ Венесуэла Президенті Николас Мадуроның алдағы айларда Иранға ресми сапармен келетінін хабарлап: "Сол сапарда 20 жылдық ынтымақтастық құжатына қол қойылады",-деді.
Венесуэла Сыртқы істер министрі де осы отырыста Иранмен арадағы қарым-қатынасты стратегиялық сипатта деп атап: "Иран - Венесуэла үкіметі, халқы мен Президенті үшін стратегиялық дос",-деді.
Пласенсия Иранның Кабо-Верде елінде венесуэлалық дипломаттың ұсталып, Америкаға экстрадициялағанын айыптағанына тоқталып: "АҚШ Венесуэланың мүддесін бұзды. Иран үкіметінің осы істі айыптағанына алғыс айтамыз",-деді.