Раиси: Иранның саясаты - Латын Америкасы елдерімен, әсіресе Венесуэламен қарым-қатынасты дамыту
Иран Президенті Венесуэламен қарым-қатынасты достық қалыпта жəне даму үстінде деп сипаттап: "Иранның саясаты - даму үстіндегі елдермен қарым-қатынасты айтарлықтай арттыру",-деді.
Сейіт Ибраһим Раиси дүйсенбі күні Теһранда Венесуэла Сыртқы істер министрі Феликс Пласенсиямен кездесіп: "Латын Америкасы, əсіресе Венесуэла - ИИР-ның экономикалық дипломатиясының басым бағыттарының бірі. Біз осы елмен қарым-қатынасты дамытуды көздеп отырмыз",-деді.
Иран Президенті Венесуэланың халықаралық ұйымдарда Иранды жақтайтынына ризалық білдіріп: "Екі елдің арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы бағдарлама қабылданғаннан кейін өзара қарым-қатынасты кеңейту жəне тереңдету үшін жарқын перспектива пайда болады",-деді.
Венесуэла Сыртқы істер министрі осы кездесуде екі елдің тəуелсіздігіне соққы бергісі келетін адамдарға жəне үстем жүйеге қарсы бірлесе əрекет етіп отырғанын айтып: "Венесуэла Иранмен бірге көпжақтылықты қорғап, АҚШ-тың араласушылығымен күреседі",-деді.