Иран мен Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда жөніндегі кездесуі басталды
(last modified Tue, 02 Nov 2021 08:32:33 GMT )
Қар 02, 2021 14:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда жөніндегі кездесуі  басталды

Иран, Еуразиялық экономикалық одақ және мүше мемлекеттер өкілдерінің қазіргі жеңілдетілген сауда келісімін екі тарап арасындағы еркін сауда келісіміне айналдыру жөніндегі кездесуі дүйсенбі күні Арменияның астанасы Ереванда басталды.

Ертең, сәрсенбіге дейін жалғасатын отырыста ИИР мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда келісімінің мәтіні талқыланады. 2018 жылдың 17 мамырында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойған. Бұл келісім 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап күшіне енді. Қазір бұл келісімді еркін сауда келісіміне айналдыруға күш салынуда.