Қар 08, 2021 21:18 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: АҚШ Ирактан шыққан жағдайда бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ Ирактан шыққан жағдайда бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнайды",-деді.

Саид Хатибзаде Иракта соңғы кезде қауіпсіздік саласында орын алған өзгерістер туралы: "Барлық елдер Ирактың заңына құрмет көрсетуі тиіс. АҚШ Иракта қауіпсіздік орнауы үшін тез арада осы елден əскерилерін алып кетуі керек",-деді.

Хатибзаде, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы зұлым санкцияларын жою үшін 4+1 тобымен келіссөздердің басталатыны туралы: "ИИР санкциялардың бір мезгілде əсерлі түрде шынайы кепілдендіріліп, жойылатынына толық көз жеткізбейінше "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындамайды",-деді.

Тегтер