Ангела Меркель мен Лукашенко иммигранттар дағдарысы туралы сөйлесті
(last modified Tue, 16 Nov 2021 10:07:22 GMT )
Қар 16, 2021 16:07 Asia/Almaty

Германия Канцлері Ангела Меркель дүйсенбі күні Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы Беларусь-Польша шекарасындағы мигранттар дағдарысы туралы сөйлесті.

Телефон арқылы сұхбатында екі ел басшылары иммигранттар дағдарысы, сондай-ақ оларға гуманитарлық көмек көрсету әдістері туралы пікір алмасты. Соңғы апталарда мыңдаған пана іздеушілер, соның ішінде әйелдер мен балалар Еуроодаққа жету үмітімен Польша мен Беларусь шекарасына жиналды. Польша шекара күзетін арттырып, шекаралық аймаққа әскер жіберді. Польша Минск үкіметін иммиграциялық дағдарысқа қатысы бар деп айыптады. Беларусь билігі бұл айыпты жоққа шығарды.

 

Тегтер