ДАИШ Кабулдағы жарылыстарға жауапкершілікті өз мойнына алды
Қар 18, 2021 20:12 Asia/Almaty
ДАИШ лаңкестік тобы бір мәлімдемеде сәрсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстарға жауапкершілікті өз мойнына алды.
Сәрсенбі күні Кабулда 2 бомба жарылды. Соның салдарынан ондаған адам қаза болып, жараланды.
Талибан билік басына келгелі бері Ауғанстанда бірнеше лаңкестік шабуыл мен жарылыс болды. Олардың басым бөлігіне жауапкершілікті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.