Қар 21, 2021 20:38 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы өз елінің бас консулдығына жасалған басқыншылықты айыптады

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы өз елінің Гамбургтағы бас консулдығы ғимаратына жасалған басқыншылықты айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде сенбі күні ИИР-ның Гамбургтағы бас консулдығы ғимаратына жасалған басқыншылықты айыптап, Германия үкіметінен Вена конвенциясы аясында Иранның дипломатиялық орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты кесімді міндетін орындауды байсалды да жауапты түрде қолға алып, мұндай басқыншылықтардың қайталануына тосқауыл болу үшін тұрақты да әсерлі шаралар атқаруын сұрады.

Германияның жершілік ақпарат құралдары жұма күні кешке белгісіз адамдардың Гамбург қаласындағы Иранның бас консулдығына шабуыл жасағанын хабарлады. Осы оқиғада ешкім зақым шеккен жоқ. Тек бас консулдық ғимаратының кіреберісіне зиян келтірілді.

Тегтер