Бағери Кани: Келіссөздер оң бағытта ілгерілеуде
4+1 тобымен келіссөздердегі Иранның аға келісімгері Венадағы келіссөздерге оң баға беріп, ілгерілеп жатқанын айтты.
Әли Бағери Кани Press TV арнасына берген сұхбатында Венада өтіп жатқан келіссөздер үдерісі туралы: «Иран қайшылықты тақырыптар туралы түзетулер мен ұсыныстарын қарсы тараптарға жариялады»,-деді.
Бағери Кани Иранның әлі күнге дейін қарсы тараптардан қайшылықты мәселелер туралы ұсыныстар мен бастамалар алмағанын айтып: «Заңсыз да зұлым санкцияларды жою және ядролық жұмыстар деген екі тақырыптың талқыланатын қырлары көп. Бұл қайшылықтар Вена келіссөздерінің алтыншы кезеңінде даярланған алғынұсқада айқын байқалады»,-деді.
Венада Иранға қарсы зұлым санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздердің жаңа кезеңі өткен аптаның дүйсенбі күні басталды.