Қаң 10, 2022 17:59 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің баспасөз өкілі: «Иракта Иран мен Сауд Арабиясы келіссөздерінің жаңа кезеңін өткізу күн тәртібіне қойылды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Иран мен Сауд Арабиясы келіссөздерінің бесінші кезеңінің өтетін уақыты туралы және Сауд Арабиясының Ливан мен Хизбуллаға қатысты позициясының келіссөздерге әсері туралы: «Келіссөздердің бесінші кезеңі Иракта өтеді. Екі ел арасындағы қайшылықтарға қарамастан,  келіссөздер екі ел мүддесіне сай тұрақты қарым-қатынасты дамытуға талпыну мақсатында жалғасады»,-деді.

Хатибзаде Талибан делегациясының Теһранға сапары туралы сауалдарға жауабында: «Ауғанстанның қазіргі жағдайы Иранды алаңдатып отыр. Ауған делегациясының сапары осы аяда жүзеге асырылады»,-деді.

Тегтер