Гуантанамо түрмесін жабуға тағы да өтініш жасалды
(last modified Mon, 10 Jan 2022 20:19:44 GMT )
Қаң 11, 2022 02:19 Asia/Almaty
  • Гуантанамо түрмесін жабуға тағы да өтініш жасалды

Гуантанамо түрмесінің ашылғанына 20 жыл толуына орай Халықаралық кешірім ұйымы АҚШ Президенті Джо Байденнен осы түрмені жабу туралы уәдесін орындауды сұрады.

АҚШ армиясы 2002 жылы 12 қаңтарда Кубаның Гуантанамо аралында түрме ашты. Онда айыбы толық дәлелденбеген 780-ге жуық адам қамауда болды. Қазір бұл түрмеде 39 адам жатыр. Олардың ішінде Халед шейх Мұхаммед 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың қос мұнарасына шабуылды жоспарлады деген күдікпен жатыр.  

Лаңкестікпен күрес сылтауымен күдікке алынған шетелдік азамттарды ұстау мақсатымен құрылған Гуантанамо түрмесі АҚШ-тың Кубадағы базасында орналасқан. Ол тергеу тәсілдерінің қаталдығымен танымал.

Сыншылардың айтуынша, түрмеде күдікке алынғандарды тергеу үшін  қолданылатын тәсілдерге әдейі суға батыру және қатыгездікпен азаптау жатады.

Адам құқығын қорғау ұйымдары сан рет Гуантанамо түрмесін жабуды талап етті. Бірақ бұл салада ескертулер жасалса да, АҚШ үкіметі олардың талабына құлақ аспады, сөйтіп бұл түрме өзінің белсендігін жалғастырып жатыр.

Халықаралық кешірім ұйымының адам құқығы бағдарласының қауіпсіздік директоры Дафна Евиатар: «Түрме қаншалықты қолданылса, АҚШ-тың халықаралық сахнадағы адам құқығына қатысты беделіне соншалықты нұқсан келетін болады»,-деді.   

АҚШ Гуантанамо түрмесіне жылына 44 млн доллар қаражат жұмсайды. Оны жабу АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың сайлауалды уәделерінің бірі болатын. Обама түрмені жабуға уәде бергенімен республикашылардың басқаруындағы Конгрестің қарсылығына байланысты бұл мәселені шеше алмады.  

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп түрмені сақтап қалуды қалады. Осы орайда Трамп 2018 жылы қаңтардың аяғында Гуантанамо түрмесінің жұмысын жалғастыруға бұйрық берді. Соған сәйкес АҚШ армиясы бұл түрмеге басқа да ұсталғандарды қамай алады.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден де сайлауалды науқанында өзінің президенттік кезеңі аяқталғанға дейін бұл түрмені жабуға уәде берген болатын. Бірақ ол да Конгрестің қарсылығына ұшырады.   

Германиядағы Халықаралық кешірім ұйымының өкілі Матиас Шрайбер: «Гуантанамо – азаптау мен із-түссіз жоғалып кетулерге жол берген қатерлі үлгі. Заң саласында дамуға кедергі болып отыр, өйткені бұл түрмеге қамалғандарда заң жүзінде әділ сотқа жүгінуге мұрсат жоқ»,-деді.

Тегтер