Путин ҰҚШҰ басшылары саммитінде Қазақстан туралы ескерту жасады
(last modified Tue, 11 Jan 2022 15:20:26 GMT )
Қаң 11, 2022 21:20 Asia/Almaty
  • Путин ҰҚШҰ басшылары саммитінде Қазақстан туралы ескерту жасады

Ресей Президенті Владимир Путин виртуалды түрде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларының кезектен тыс отырысында: «Кейбір ішкі және шетелдік топтар Қазақстандағы жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. Біз бұл одаққа мүше мемлекеттердің ішкі жағдайының шайқалуына, түрлі-түсті революциялар сценарийінің жүзеге асуына ешқашан жол бермейміз»,- деді.

Путин Қазақстандағы оқиғалар шетелдік интервенцияның бірінші және соңғы әрекеті емес екеніне тоқталып: «Дайындалған лаңкестік күштер Қазақстанда тәртіпсіздік тудырып, елдің ішкі қауіпсіздігіне әсер етуді көздеген»,- деп мәлімдеді. Путиннің ескертуі ҰҚШҰ-ның негізгі мүшесі Қазақстандағы зорлық-зомбылық оқиғалары тұсында айтылды. Жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттағаннан кейін елдің әртүрлі қалаларында наразылық шерулері басталып, олар көшедегі жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Жағдайдың шиеленісуінен және қазақстандық күш құрылымдары мен армиясының ел қауіпсіздігін бақылауға қабілетсіздігінен бір күн өткен соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-нан ресми түрде көмек сұрады. ҰҚШҰ  алқалы шешімінен кейін Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты мүше мемлекеттердің бітімгершілік күштері  аттанып, бұл елге тыныштық орнатты.

Ресей ҰҚШҰ-ның ең маңызды мүшесі ретінде Қазақстанның соңғы наразылықтары мен толқуларын елдегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған сырттан ұйымдастырылған әрекет деп атады. Батыстың, әсіресе АҚШ-тың бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдерде түрлі-түсті төңкерістерді бастауға бағытталған әрекеттері Ресей тарапынан үнемі сынға ұшырап, наразылық танытып келеді.Шын мәнінде ол кең ауқымды қарулы көтеріліске кірісті. Батыстың, әсіресе АҚШ-тың бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдерде түрлі-түсті төңкерістерді бастауға бағытталған әрекеттері Ресей тарапынан үнемі сынға ұшырап, наразылық танытып келеді. Шын мәнінде ол кең ауқымды қарулы көтеріліске кірісті.  Ресей билігі Қазақстандағы оқиғалардың артында АҚШ тұр деп есептейді. «Америкалықтар Ауғанстаннан асыға шыққаннан кейін Қазақстандағы жағдай тұрақсыз болды, бұл елде және бүкіл Орталық Азияда экстремистік тенденциялар тарады», - деді Антонов. Ал Мәскеу кейбір Батыс шенеуніктерінің, әсіресе АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстандағы наразылық білдірушілермен келіссөздер жүргізу туралы кеңесіне реакция білдіріп, олардың қарапайым халық емес, террористер екенін айтты. Жағдайды Қазақстанның мемлекеттік органдары бақылауда. Ресейдің бұл ұстанымын Қытай да қолдап отыр. Дүйсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И телефон арқылы сұхбатында Қазақстан үкіметінің елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру  талпынысын қолдайтындарын жариялады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

Тегтер