Амир Абдуллахиан: Иран мен Ресейдің əріптестігі өте жақсы қалыпта дамиды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58390-Амир_Абдуллахиан_Иран_мен_Ресейдің_əріптестігі_өте_жақсы_қалыпта_дамиды
ИИР Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында: "Иран мен Ресейдің əріптестігі өте жақсы қалыпта дамиды" деп жазды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 20, 2022 15:54 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Ресейдің əріптестігі өте жақсы қалыпта дамиды

ИИР Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында: "Иран мен Ресейдің əріптестігі өте жақсы қалыпта дамиды" деп жазды.

Амир Абдуллахиан: "Иран Президенті Ибраһим Раиси мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Кремльдегі ұзаққа созылған маңызды да шынайы кездесуінен кейін Теһран мен Мəскеудің қарым-қатынасы жаңа, əралуан жəне қарқынды бағытта дамиды",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Иран мен Ресей қарым-қатынасының жаңа тарауында өзара əріптестік өте жақсы қалыпта ілгерілейді",-деді. 

ИИР Сыртқы істер министрі: "Екі елдің басшылары ұзақ мерзімді жол картасын жасауға келісті. Əлем болашақта көпқырлылық негізінде дамитын болады",-деді.