Вена келіссөздері жалғасуда
Иранға қарсы санкцияларды жою туралы Вена келіссөздерінің сегізінші кезеңінің 29-шы күні Иранның келісімгер делегациясы мен 4+1 тобы (Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен Германия) өкілдерінің кездесуімен жалғасты.
Иранның аға келісімгері Әли Бағери жексенбі күні Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы еуропалық үйлестіруші Энрике Морамен кездесті. Бағери, сондай-ақ, 4+1 тобының аға келісімгерлерімен кеңесті.
Келіссөздер мен кеңестерде ілгерілеу нышандары байқалғанымен, Батыс тараптары бұрынғыдай кейбір мәселелерді көтеру арқылы Иранды келіссөздердің баяу жылжуына жауапты деп таныстырып, келіссөздерде болып жатқан шындықтың өңін айналдырып көрсетіп, Ираннан көбірек ұпай алу үшін осы елге қысымдарды күшейтуге тырысып жатыр.
Батыс тараптары соңғы күндерде уақытша келісім немесе нақты уақыт белгілеу сияқты тақырыптарды Иранға қарсы кеңістік тудырып, қысымды арттыру үшін көтеріп отыр.
АҚШ-тың NBC News арнасы сенбі хабардар дереккөздеріне сілтеме жасап: "Вена келіссөздеріне қатысты Ресей соңғы апталарда Иранға "уақытша келісім" туралы ұсыныс жасады. Бұл келісімде Иранның ядролық бағдарламасына кейбір шектеулерді қайта салудың есесіне санкциялардың шектеулі бөлігін жою туралы айтылған",-деп хабарлады.
Ал бұл жағдайда Иранның келісімгер делегациясы Вена келіссөздері басталғалы бері келіссөздердің ақыл мен қисынға сүйенген үдеріс болуы қажеттігін және ешбір жағдайда қысым астында келіссөз жүргізілмейтінін, өйткені оның кері әсері болатынын баса айтып келеді.
Батыс тараптарының уақытша келісім тақырыбын көтерудегі мақсаттарының бірі – Иранның ядролық күш-қуатын шектеу. Ал негізі ғылыми-зерттеу жетістіктерін сақтау – ықтималды келісімнің басты шарттарының бірі. Иранның зерттеу мен дамуды жалғастыруға қатысты құқығы бұзылмауы тиіс.
Уақытша келісім Иран келісімгерлерінің күн тәртібінде тұрған мәселе емес. Ирандық делегация тұрақты да кесімді келісімге жетуді көздеп отыр.