Путин НАТО мен АҚШ-тан қауіпсіздік саласында кепілдіктер алу қажеттігін айтты
Ресей Президенті НАТО мен АҚШ-тан қауіпсіздік саласында кепілдіктер алу қажеттігін айтты.
Ресей 2021 жылы желтоқсан айының аяғында НАТО мен АҚШ-ға осы елге қағаз жүзінде қауіпсіздік саласында кепілдіктер беру үшін алдымен НАТО-ның Шығысқа ойысуын тоқтату туралы ұсыныс жасады, алайда Мəскеудің бұл бастамасы Батыс елдері тарапынан қабылданбады.Владимир Путин бүгін, бейсенбі Ресей СІМ-не жолдауында: "Əлемдік деңгейде текетірестердің артуы стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін талпыныстарды арттырып, бəрінен бұрын НАТО мен АҚШ-тан Мəскеу үшін қауіпсіздік саласында кепілдіктер алуды талап етеді",-деді.Ресей Президенті жуырда АҚШ-тың Ресейге қауіпсіздікке қатысты кепілдік жайлы берген жауабы туралы: "Бізге берілген уəде бойынша НАТО Шығысқа қарай бір қадам да жылжымайтын болған. Бірақ олар бізді алдады",-деді.Ресей Президенті Кремльде өзінің француз əріптесі Эммануэль Макронмен сұхбаттасып: "Мəскеудің НАТО мен АҚШ тарапынан берілуі тиіс қауіпсіздік кепілдіктері туралы басты алаңдаушылықтары назардан тыс қалып отыр",-деді.