Нигерия мұсылмандары саудиялықтардың Йемендегі геноцидіне наразылық білдірді
Ақп 19, 2022 20:37 Asia/Almaty
Нигерия мұсылмандары бұл елдің Ислам қозғалысының өтініші және қолдауымен ел астанасы Абуджада Йемен халқына қолдау көрсету үшін шеру өткізді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нигерияның мұсылман халқы жұма күні кешкі шерулерде Сауд коалициясының Йеменге шабуылдарының жалғасуын және осы ел халқының, әсіресе йемендік балалар мен әйелдердің өлтірілуін айыптады. Нигерия мұсылмандары өздерін йемендіктер деп атап, Йемен халқына қарсы геноцид пен қырғынды тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ Сауд Арабиясының әскери агрессиясы Йеменнің инфрақұрылымының 85 пайыздан астамын қиратып, елде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығына ұшырады.