Украина президенті НАТО-ның екжүзді қатынасын сынады
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: "НАТО Украинаны мүшелікке алу мәселесінде тым ұзақ күттіріп қойды",-деп мәлімдеді.
Зеленский шағымданған қалыпта: "Украина осы күнге дейін неге НАТО-ға қосылмағанын түсінбей отырмыз. Егер НАТО мүшелері Украинаның осы альянсқа қосылуын қаламаса, ашық айтсын. Ашық есік саясаты жақсы, бірақ бізге анық жауап керек. Ал біз жылдар бойы бұлыңғыр жауап естіп келеміз",-деді.
Украина президентінің Батыс тарапының осы елді НАТО-ға қабылдауға қатысты қатынасын ашық сынауы аталмыш ұйым мен АҚШ басшыларының орындалу перспективасы белгісіз қайталамалы уәделерін ескергенде қисынды көрінеді. НАТО-ға мүше елдер басшылары 2008 жылы Бухарестте өткен саммитте осы ұйымды Шығысқа қарай кеңейту саясаты аясында Ресейге жақын маңдағы Украина мен Грузияны ұйымға қосып алуға шешім қабылдады. Сол кезден бері Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесі Ресей мен НАТО арасында қайшылықты мәселелердің біріне айналды.
Батысшыл президент Виктор Порошенконың кезінде Украина НАТО-ға қосылу мәселесін жіті қадағалады. Бірақ Украинада орысшыл Виктор Янукович билік басына келгеннен кейін бұл мәселе тоқтатылды. Бұған қарамастан 2014 жылғы өзгерістер барысында Янукович биліктен кетіп, батысшыл үкімет билікке келгеннен кейін НАТО-ға қосылу мәселесі қайта күн тәртібіне қойылды. Украина басшыларының көзқарасынша, бұл істің атқарылуы осы елдің Батыс блогына қосылу жолында маңызды қадам болады және сыртқы қауіп-қатерлер, әсіресе Ресей тарапынан келетін қатерден сақтануға мықты кепіл болады. Украинаның батысшыл басшылары мына жайттарды әдейі назарға алмай отыр: Ресейдің әскери-қауіпсіздік құжаттары бойынша оған жақын жатқан елдер, соның ішінде Украинаның НАТО-ға қосылуы және осы ұйымның әскери құрал-жабдықтарын Ресейдің батыс шекарасына жақын орналастыру Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің қызыл сызығы саналады. Мәскеу 2008 жылы Грузиямен қақтығыста осы қызыл сызықты сақтау үшін тіпті соғысуға дайын екенін көрсетті.
Украинаға қатысты да осындай жағдай туындап тұр. Мәскеу соңғы айларда НАТО мен АҚШ-қа қауіпсіздік ұсыныстары қалыбында Украинаның НАТО-ға қосылу мәселесінен бас тартуға шақырды. Бұл өтінішке Вашингтон мен НАТО-ның бас хатшысы сан рет қарсылық білдірді. Украинаның НАТО-ға қосылу мәселесін қолдап отырған басты ел – АҚШ. Бұған қарамастан, әскери альянс ішінде осыған қатысты бірыңғай пікір жоқ. АҚШ өзінің макро мақсаттары аясында Ресейді ауыздықтап, одан ары шектей түсу үшін НАТО-ның Шығысқа қарай өрісін кеңейтіп, Ресейдің көршілері, яғни Украина мен Грузияны қосып алуын талап етіп отыр. Ал НАТО-ның еуропалық мүшелері, әсіресе Германия мен Франция осы салада оң көзқарасқа ие.
Германияның канцлері Олаф Шольц жуырда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін: "Қазіргі таңда Украинаны НАТО-ға қосу осы әскери ұйымның күн тәртібінде тұрған жоқ",-деді.
Қазір Украина НАТО-ға қосылу, осы ұйыммен әскери интеграцияны жалғастыру, өз жерінде әскери күштер орналастыру және ортақ әскери жаттығулар өткізуге табандылық таныту салдарынан Ресеймен соғыс алдында тұр.