Иран мен Ресей Украинадағы жағдай туралы сұхбаттасты
Кремльдің баспасөз қызметі: «ИИР Президенті Ибраһим Раиси мен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сұхбаттасып, Вена келіссөздеріндегі жағдай және Украинадағы соңғы ахуал жайлы пікір алмасты»,-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин бейсенбі күні Ибраһим Раисимен сұхбатында оны Украинадағы жағдаймен таныстырып, халықаралық заңдар аясында Ресейдің ДХР мен ЛХР-мен достық, ынтымақтастық және өзара көмек келісімдеріндегі міндеттемелеріне сәйкес Донбасс республикаларындағы тұрғындарды қорғау мақсатында арнайы әскери операция жүргізуге шешім қабылдағанын айтты.
Кремльдің мәлімдемесінде: «Иран Президенті өз кезегінде АҚШ пен НАТО-ның тұрақсыздық тудыратын әрекеттері салдарынан Ресейдің қауіпсіздік саласына қатысты алаңдаушылығын түсінуге болатынын айтты»,-делінген.
Раиси мен Путин телефон арқылы сұхбаттың жалғасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап, міндеттемелерді толық орындауға қатысты жасалған дипломатиялық талпыныстар туралы пікір алмасты.