Украина соғысының алғашқы күнінде 137 адам қаза тапты
Ақп 25, 2022 14:56 Asia/Almaty
Украина Президенті Владимир Зеленский соғыстың алғашқы күнінде 137 адамның қаза тапқанын хабарлады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зеленский жұма күні таңертең: «Ресей Украинаға жан-жақты шабуыл бастағаннан бергі 24 сағаттың ішінде 137 адам қаза тауып, 306 адам жараланды»,-деді.
Ол: «Украина Ресеймен текетіресте жалғыз қалды»,-деді.
Зеленский жұма күні Ресей күштеріне төтеп беру үшін елде жаппай мобилизация жариялады.
Ресей СІМ бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Ресейдің Украинадағы әскери амалдары – әлем деңгейінде бір соғыс болудың алдын алуға бағытталған шара»,-деп мәлімдеді.
Тегтер