Зеленский: Бізге қауіпсіздік тұрғысынан кепілдік беретіндер қайда?
(last modified Fri, 25 Feb 2022 14:23:13 GMT )
Ақп 25, 2022 20:23 Asia/Almaty
  • Зеленский: Бізге қауіпсіздік тұрғысынан кепілдік беретіндер қайда?

Украинаның батысшыл басшысы Батыс елдерінің қолдауы бос сөз болып шығып, Ресей күштері Киевке кіргеннен кейін Ресейдің алдында жалғыз қалғанын мойындады.

Al-Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Украина Президенті Владимир Зеленский теледидар арқылы сөйлеп: «Біз Ресейден қорықпаймыз. Біздің елімізге берілетін қауіпсіздік кепілдіктері қайда? Осындай кепілдік беретін тараптар мен елдер қайда?»-деді.

Украина Президенті жұма күні таңертең Батыс елдерін өткір сынға алып: «Бізді Ресеймен соғыста жалғыз қалдырдыңыздар»,-деді.

Владимир Путин: «Ресейдің арнайы әскери операция жүргізудегі мақсаты – Украинаның әскери қуатын жою және бұл елді нацизмнен арылту»,-деп мәлімдеді.

Путин сөйлеген сөздері барысында Батыс елдерін Ресейдің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықтарына көңіл аудармай, Украинаға дамыған әскери техника жібергені үшін сынады.