АҚШ Украинаға «жедел әскери көмек» туралы бұйырық шығарды
(last modified Sat, 26 Feb 2022 09:25:58 GMT )
Ақп 26, 2022 15:25 Asia/Almaty
  • АҚШ Украинаға «жедел әскери көмек» туралы бұйырық шығарды

АҚШ президенті Украинаға «тез арада әскери көмек көрсету» туралы бұйрық шығарды.

 

Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының үшінші күні аяқталып жатқанда, АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға «жедел әскери көмек» ретінде 600 миллион доллар бөлу туралы бұйрық шығарды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter парақшасында Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне санкция салу қажеттігін қуаттап: « Біз одақтастарымызбен және серіктестерімізбен бірге Ресейдің Украинаға басып кіруіне Владимир Путинге, Ресей қорғаныс министрі, Сыртқы істер министрі  және қорғаныс министрінің орынбасарына қатаң санкциялар енгізу арқылы бұрын-соңды болмаған әрекетімізді жалғастырамыз»,- деп жазды.

 

Тегтер